Бұл бетте «Долорес» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Нар кескен өткір қылыштай.
Жауға қарсы ту ұстай,
Шыққан жалын Долорес!
Жалын шашқан жорықтан,
Найзағайдай бұлт жыртқан
Жарқылда да тартынба!
Алуан ерлер артыңда
Фашистердің торын кес!
Террорлардан тараған,
— Ала тулы — аламан,
Халыққа қас қанды қол,
Қарақшы ылғи қанды жол,
Қан қақалмай қолың тарт!
Я көндіру, я сөну,
Я жеңілу, я жеңу,
Я көндіру, я сөну,
Я өлтіру, я өлуі
Майданға, майдан осы шарт!
Снаряд, пушка, бомбадан
Қара боран долданған,
Долданған да қар жауған,
Қар емес, қанды оқ жауған
Өршеленді ұлы егес,
Испанды еркін ел қылу,
Қалауым — халқын ер қылу,
Дұшпандарын жер қылу,
Жарқылда, елмен өрлей өс!
Жалында, жарқын — Долорес!
1937
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі