Бұл бетте «Кавказға саяхат» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен Кавказға жол тартқанда
Көргім келді тауларын,
Түлеп өсіп ұрпақтардың
Тауда туған ұлдарын.
Мен Кавказға жол тартқанда
Тауларын да көлдерін,
Көлдерін де, гүлдерін де
Көргім келді жерлерін.
Мен Кавказға жол тартқанда,
Дедім ол да ез елім,
Көргім келді Днепр мен
Донның алтын өзенін.
Мен Кавказға жол тартқанда
Қара теңіз, Каспийді
Көргім келді Бакуден де,
— Мұнай атқан тасқынды.
Мен Кавказға жол тартқанда
Тбилиси қаласын,—
Көргім келді Арагва,
— Сұлу өзен Қурасын
Бардым, көрдім шың Кавказдың
Аспан сүйген құздарын;
Таңда туған тау елінің
Ұлдарын да қыздарын.
Кавказ тауы барып көрдім,
Қар жамылған қырыңды,
Соған бүгін арнадым,
Жүректегі жырымды.
1937
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі