Өлең, жыр, ақындар

Аттан десе

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 611
Далада андап шешек атқан,
Май айының қызыл гүлі,
Қызыл гүлден лента таққан,
Көтерілді жердің туы.
Шомылдыра тау мен тасты
Гүрілдеді өр өзені,
Шешен бұлбұл әнге басты
Құс біткеннің дирижері,
Атты әскердің астында ойнар
Болғысы көп арғымағы,
Құйрық ата құлын-тайлар
Ойнақ салды қарғымалы.
Көк толқындай Еділдегі
Мөлдіресе тау сағымы,
Жаз нұрымен желіндеді
Болғандай-ақ жер сауыны.
Алатаудың ен даласы
Майға егістен шашу шаштық.
Қазақстан кең даласы,
Төгеді елге алтын астық!
Ұлы отанға шашу қылып,
Сепсе елім інжу дәнін.
Тап сондай-ақ інжу болып,
Сыйланады отанға әнім!
Май мейрамы көркейгендей,
Көктің күні нұрын төкті,
Май күні ел көтергендей
Қызыл тумен аспан-көкті.
Қарашы, әне кезің тігіп.
Ұлан байтақ жер бетіне,
Ақ кіреуке болат киіп,
Құрсанғандай келбетіне.
Әне, сап-сап әскер шықты,
Найза үшіне туын байлап,
Ақтаушылар антын мықты
Жай отына қылыш қайрап,
Әне, сап-сап шықты алуан
Қаһары зор Қызыл флот,
Денесінде нұр жалыннан
— Күннен алған бар ұлы от.
Болат төспен жер бауырлап,
Әне, шықты қаптап танкі.
Хасан көлдің майданында-ақ
Жер жүзіне шыққан даңқы.
Шамырқанса шарт шабылар
Чапаевтан қалған қылыш.
Шар қайраққа қайраулы тұр
Жау қанына малған қылыш.
Октябрьде жарқылдаған
Қайтпас қылыш қынында тұр;
Отқа, татқа шарпылмаған
Қылыштай сөз жырымда тұр.

1938



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түске дейінгі серуен

  • 0
  • 0

Дабыл қаққан алғашқы,
Алғыр ұлан вожатый
Керней тілін дәл басты,
Ержан еді өз аты.

Толық

Пушкінді көргенде

  • 0
  • 0

Сұрғылт түс, суық жүзді Петербурдың,
Бұрынғы патша үкімі тұрған жердің,
Гүл бақша еккен патша селосында,
Ақынның тастан құйған кейпін көрдім.

Толық

Максим Горькийге

  • 0
  • 0

Сұңқардай түлеп ұшып өзі таңнан,
Сұлу сөз шам-шырағы болып жанған.
Жаныңның жарығында жұлдыз ойнап,
Бұлбұл ең қаламыңмен қанаттанған.

Толық

Қарап көріңіз