Сөнбес жарық – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сөнбес жарық» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 922
Күн шықпай ма орнынан?
Таң арайлап атқанда,
Оны сөнді дер ме адам,
Көкжиекке батқанда?
Жазғы шыққан бәйшешек
Өшіп мәңгі солар ма?
Күз солып, жаз гүлдесе
Солды деуге болар ма?
Жоғалды деп кім айтар,
Жерге көмген ұрықты?
Кім жоғалтар өмірде
Туып, өну ғұрыпты?
Көкте тұрған нұрлы күн,
Сөнер ме үрсең жарығы?
Сол секілді өмірдің
Ленин сөнбес жарығы!
Күн боп таңын атқызып,
Туған Ленин халыққа.
Өлместей боп жиһанда
Қалды аты тарихта.
Сөнбес өмір жарығын
Сенді деуге бола ма?
Өмірдей сөнбес Ленинді
Өлді деуге бола ма?
Кремльдің қасында
Дем алып Ленин ұйықтады,
Қанат қақты аспанға жаның күшті ұрпағы.
Жаңғырықты Ленин деп
Туған елдің тау, тасы!
Сызылды Ленин атымен
Жаңадан отан картасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері