Өлең, жыр, ақындар

Майданға тартты жолдастар

  • 12.07.2022
  • 0
  • 0
  • 642
Қыранның балапанына
Біткендей көкшіл қауырсын,—
Отанның алақанында,
Өскен, достар, бауырсың.
Қауырсыны қатқанда
Жас қыран қанат қағатын,
Сондай,— жолға тартқанда
Сезді дос майдан сағатын.
Қаламдас туған ақындар —
Майданға тартты жолдастар,
Жауға дәл оқ атыңдар,
Жолдарың болсын, жан достар!
Жеңемін деген сеніммен,
Майданға мерей аттану.
Аброй ғой елінен
Ерлік деген атты алу.
Ұлы Отаным әлемді
Ерлігімен таң қылған.
Тапсырам сізге сәлемді
Ақ шашты ақын Жамбылдан.
Майданда жеңгіш халқымыз
Болмысы болат батырдан.
Жалынды сәлем айтамыз,
Жазушыдан, ақыннан.
Дұшпанға оқ шашамыз,
Самға қыран — құстарым!
Десін,— ерлер жасаңыз!—
Кремльде штабың.
Майданға достар енген соқ,
Жеңіспен алға басармыз,
Жау жеңіп сендер келген соң,
Үлкен той жырдан жасармыз.
Қаламдас туған ақындар,
Майданға тартқан, жолдастар!
Фашисті құрта атыңдар,
Жолдарың болсын, жан достар!

16 июль, 1941 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жылы ұямыз

  • 0
  • 0

КАЗПИ бір өзіміздің жылы ұямыз,
Төбесін көрсек сырттан жылынамыз.
Төрінен ұшырған сан өлең құсын,
Келмесек сағынамыз жылына біз.

Толық

Добролюбовке ескерткіш

  • 0
  • 0

Жан едің жүзі суық жас шағыңнан,
Ақылға құмарлықты бағындырған.
Оқыттың даңқты еркін өмірге айқын
Үйреттің өле білуді онан да арман.

Толық

Советтік паспорт туралы өлең

  • 0
  • 0

Мен қасқырша
Мытар ем
Төрелікті
Мандаттарды

Толық

Қарап көріңіз