Майданға тартты жолдастар –
Тайыр Жароков
Бұл бетте «Майданға тартты жолдастар» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыранның балапанына
Біткендей көкшіл қауырсын,—
Отанның алақанында,
Өскен, достар, бауырсың.
Қауырсыны қатқанда
Жас қыран қанат қағатын,
Сондай,— жолға тартқанда
Сезді дос майдан сағатын.
Қаламдас туған ақындар —
Майданға тартты жолдастар,
Жауға дәл оқ атыңдар,
Жолдарың болсын, жан достар!
Жеңемін деген сеніммен,
Майданға мерей аттану.
Аброй ғой елінен
Ерлік деген атты алу.
Ұлы Отаным әлемді
Ерлігімен таң қылған.
Тапсырам сізге сәлемді
Ақ шашты ақын Жамбылдан.
Майданда жеңгіш халқымыз
Болмысы болат батырдан.
Жалынды сәлем айтамыз,
Жазушыдан, ақыннан.
Дұшпанға оқ шашамыз,
Самға қыран — құстарым!
Десін,— ерлер жасаңыз!—
Кремльде штабың.
Майданға достар енген соқ,
Жеңіспен алға басармыз,
Жау жеңіп сендер келген соң,
Үлкен той жырдан жасармыз.
Қаламдас туған ақындар,
Майданға тартқан, жолдастар!
Фашисті құрта атыңдар,
Жолдарың болсын, жан достар!
16 июль, 1941 жыл
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі