Бұл бетте «Жастық оты» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жастық отым сөнбейді,
Жел тұрса да, бұлт шығып.
Бойды қуат кернейді,
Марқайсам да мұрт шығып.
Жастық шақтың жұлдызы
Неге шықсын есімнен.
Өмірімнің күндізі
Мені гүлдей өсірген.
Қызыл шоқтай шашақты
Шарықтап ту астында.
Жас ұрпақ өмір жасапты,
Кемедей жүзген тасқында.
Ақының жырдан қол тартпас,
Арналған саған қаламым.
Жанымды жыршы қартайтпас,
Қырау шалған самайым.
Жастық от бойда сөнбейді,
Жел тұрса да, бұлт шығып,
Жүректі жыр кернейді,
Марқайсам да мұрт шығып.
1948
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі