Ленин шамы
Бұл бетте «Ленин шамы» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңілді шадыман топқа шаршыдағы,
Кеудемнен неше алуан ән шығады.
Жарқ етіп атқан таңдай ауылымда
Жайнады ұлы Ленин шам-шырағы.
Ұшқындай шақпақ тасты шағып алған
Білтелі шам жоқ ескі сығырайған,
Алғандай алтын айды алақанға,—
Әр үйде ұлы Ленин шамы жанған.
Қуатын асау өзен арқыраған
Бұрқанған қайратымен халқым алған.
Колхозда коммунизм жұлдызындай
Лениннің шам-шырағы жарқыраған.
1949
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі