Кісімсінбеу, кішірею - кісілік
Бұл бетте «Кісімсінбеу, кішірею - кісілік» атты Данияр Жігітбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кісімсінбеу, кішірею - кісілік,
Көңіліңде сыз қалдырған пендені
Кеше білу, түсініп.
Тікенектер арасында раушан гүл
Құлпырады, жұпар иісін ұсынып.
Судан таза, сүттен ақтай, елге сын
Айтқанменен,
Қатесі көп пендесің.
Сен біреудің көргенменен күнәсін,
Көрген жоқсың тәубесін.
Жүрек деген қасиетті орын бар,
Себебі онда махаббат бар, сенім бар.
Қағбадағы Қара тасты
Алатындай сындырып,
Жүректерді қызғыштайын қорыңдар.
Шын бақытқа жеткізетін жол біреу:
Адамзаттың бәрін сүйіп, елжіреу.
Дәрістер бар үйренбеген біз әлі:
Алғашқысы - ренжітпеу,
Ең соңғысы - ренжімеу!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі