Бүгін тағы жасқа малдың көзіңді

Бұл бетте «Бүгін тағы жасқа малдың көзіңді» атты Данияр Жігітбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Бүгін тағы жасқа малдың көзіңді,
Жұбатудан бастайын ба сөз басын?
Жүрегіңе сыймай жатқан сезімнің
Мөлдір шығы шығар сенің көз жасың?!
⠀
Дұрыс па еді "Жыламашы" дегенім?
Мен білмейтін, бәлкім, сырың бар шығар.
Сағыныштың, мұңның ізін көремін
Жанарыңнан аққан әрбір тамшыдан.
⠀
Көлдің-дағы суалатын кезі бар,
Тарылмайтын су арнасын көріп пе ең?
Теңіздің де тартылатын кезі бар,
Сенің көзің құрғамады неліктен?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері