Түсіне қарамай

Бұл бетте «Түсіне қарамай» атты Данияр Жігітбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 891
Түсіне қарамай,
Түріне қарамай,
Ұлтына қарамай,
Дініне қарамай,
Еліне қарамай,
Тегіне қарамай,
Адамның бәрін сүюді үйретші, Аллам!
⠀
Күнәсін елемей,
Кінәсін елемей,
Аяқтан шалғанын елемей,
Азапқа салғанын елемей,
Тасадан тас атып тұрғанын,
Арттан сөз қылғанын елемей,
Адамның бәрін сүюді үйретші, Аллам!
⠀
Өзектен тепкенді ұмытып,
Өкінген сәттерді ұмытып,
Өткенді ұмытып,
Өкпемді ұмытып,
Өзімді ұмытып,
Адамның бәрін сүюді үйретші, Аллам!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері