Тасқын – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Тасқын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 1
  • 2772
Құмартар бұлақ бар менде
Ғажайып ұлы күші асқан,
Құмы күміс түбінде,
Мөлдіреген үсті аспан;
Дамылсыз ұшқыр асқан ток
Топырақты үйірген,
Су үстінде аспан көк
Бұлттан торқа киінген.
Бұл бұлақ туып өмірден
Өмірмен өзін сарқады,
Бірде әлсіз, бірде күші ерен,
Өзіне жұртты тартады;
Тұңғыш бақыт санар ем
Сондай дамылдауымды,
Лебіне жалғыз қияр ем
Рақат, не ауыр хәлімді.


Пікірлер (1)

Саябек Жансая

Жарайсыз! Керемет екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері