Жоқ, мен Байрон емеспін, езге жанмын – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Жоқ, мен Байрон емеспін, езге жанмын» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 799
Жоқ, мен Байрон емеспін, езге жанмын,
Әлі жұртқа мәлімсіз бір адаммын,
Қуғын көрген сол құсап мен бір кезбе,
Жаным орыс болып тек жаралғанмын.
Мен ертерек бастадым, бітем ерте,
Менің ақылым ез ісін жасар келте;
Мұхиттағы қираған кемедей боп,
Үміт жүгі жанымда жатыр серпе.
Тұңғиық мұңды мұхит тұнжыраған,
Кім ұғар құпияңды сыр жинаған?
Ойымды кім айта алар жұртқа менің?
Өзім бе, тәңірі ме, я ешбір жан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері