Өлең, жыр, ақындар

Тамара

  • 20.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1157
Дарияның терең шатқал құзын жара,
Ымыртта үңги ағып Терек тура,
Қап-қара жартастың дәл нақ басында
Тұрды ескі қарауытып бір мұнара.
Ішінде биік қапас мұнараның,
Тұрды өзі сұлу патша Тамараның,
Көктегі періштедей көркі сұлу,
Демондай сайқал ойы арам оның.
Тұманды түн ортасы қалғанда ауып,
Алтындай сол биіктен бір от жанып,
Көзіне жолаушының шағылысып,
Тартатын қоналқаға қонақты алып.
Естілді даусы тағы Тамараның:
Үнінен құйды тілек бар арманын,
Бой билер сұлулықтың құдіреті
Ұғымсыз тұрды тартып қадалғанын.
Перінің жат үніне жан таңғала,
Саудагер, малшы, ноян барған онда.
Алдынан келгендердің есік ашып,
Қарсы алған Әтек адам шомған мұңға.
Үстінде мамық төсек сап жиналған,
Киініп қамқа, жібек лағыл маржан.
Қонақты күтті сұлу, екі ыдыста
Бұрқырап тұрды шарап дайындалған.
Ұстасқан қолдар ыстық тартып лебін,
Жабысып құмарлана ерінге ерін,
Денені тітіренткендей түні бойы
Сол жерден шығып жатты бір сұмдық үн...
Бейне нақ сол бір есіз мұнарада.
Қосылып жүз келіншек, жүз бозбала,
Үйленіп жатқандай-ақ түні бойы,
Яки жұрт жиналғандай жаназаға.
Тек қана ертеңгілік сәулелене,
Шұғыласын лақтырғанда тауға төге,
Лезде күңгірт тартып, жым-жырт болып,
Танадай құлаққа ұрған басылды үн де.
Тек Терек Дарияның құзын сүзіп,
Гүрілдей тыныштығын тұрған бұзып,
Телегей толқындарды толқын қуып,
Жатты ағып толқындардан толқын озып.
Сонда үнсіз өлген адам денелерін
Асықты ағызуға толқын төгіп,
Бейнесі терезеден ағараңдап,
Естілді: «Кеше көрші!» – деген бір үн.
Үн сонша болды әдепті қоштасқандай,
Тебіренте тәтті лебіз ұштасқандай,
Жан балқыр жолығыстың жалынындай
Наз ғашық уәдеге қол ұстасқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Вулканы от шашқан ба?

  • 0
  • 0

Әлпі тауы құздарын,
Қорқыта, түсін бұзғанын —
Долыланып, түтігіп,
Түйіле төгіп ызғарын.

Толық

Москва көшесінде

  • 0
  • 0

Москваның көшесінде
Шомып тәтті ойға не бір
Келе жатыр, түсті есіме
Жырдай сұлу сүрген өмір.

Толық

Қылмысты

  • 0
  • 0

«Айтшы, атаман, шыныңды,
Қалай өстің еліңде?
Суымады бұрынғы
Жастық оты өңіңде?

Толық

Қарап көріңіз