Өлең, жыр, ақындар

Шәкірт

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 947
– Ал, кетейікші құдай үшін?
Көк күңгірт, жер топырақ –
Көңілсіздеу жолда пішін,...
– Ей мұнда отыр, кел, шырақ.
Жалан, аяқ, кір-кір дене,
Көрдің бе ашық кеудесін,
Ұялмашы, бұл немене?
Талай адам бұл өмірде
Өткен жол ғой білемісің.
Кітабың бар, оқу іздеп
Келесің ғой білемін...
Әкең жинап оқысын деп
Берген тиын-тебенін.
Берген шығар бір мәзіннің
Әйелі жиырма бес тиын.
Я әйелі саудагердің
Шай-суыңа, деп, тиын.
Мүмкін, біреу есігінен
Босадың ба, несі бар,
Жаңалық па ол, мен түсінем,
Жасыма, тек есіңе ал.
Мектепте оқып ұғарсың сен,
Архангелдің мұжығын3,
Тәңірі жар боп, ынтасымен
Жетіскенін өзінің.
Жоқ емес қой өмірде езгі
Жаратылған жақсы адам,
Алып барар біреу сені
Москваға осыдан.
Мәскеуде оқып жүргеніңде
Университет ішінде,
Көрерсің сен шын өңінде
Көргеніңді түсіңде.
Онан әрі жолың айқын,
Таймай ессін өрісің.
Соның үшін сені жарқын
Сүйем, туған орысым.
Жаратылыс дарынды әлі
Өтпейді аймақ шалқыған,
Ұқ, әлі көп әйгіліні
Шығарады халқынан.
Езгі жанды шығарар кең
Сонша сүйгіш күшімен,
Менменсіген тоғышармен
Салқын топтың ішінен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түрксибтің дабылы

  • 0
  • 0

Бұл не керім, құдіретті?
Күші жерді тітіретті.
Күрс-күрс таудың жонын ойды,
Күйретілді, күтір етті.

Толық

Жыр сапары

  • 0
  • 0

Сұлу күз. Дала көз тартты.
Ақ тұман ұйықтап тұр құзда...
Жырымыз сол сәт жол тартты —
Туысқан ел — Қырғызға.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Көктем қыз, сезіміңді қытықтаған,
Шаттықты одан қалай қытып қалам!
Күн күлді, өзен күлді, сәби күлді, –
Бір ләззат мен де осыдан ұтып қалам.

Толық

Қарап көріңіз