Өлең, жыр, ақындар

Досқа

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Достым, жастай өлеміз деп налыма,
Сатып алған жоқпыз ғой біз ғұмырды.
Өзімізше жасап, өзіміз тағы да
Өткізерміз өлшеулі өмір сүруді.
Өлшенбейді ұзақтығы өмірдің
Жыл санымен, жетуімен кәрілік,
Бәлкім бізге келсе өзі де өлімнің
Өшпейтұғын берер өмір мәңгілік!
Ант еттім мен аямасқа жанымды,
Сақтау үшін туған біздің елді өскен,
Жасың жүзге, жетсе дағы барыңды
Айтшы өзің, осы жолға бермес пе ен?!
Қуантады еліміздің күн сайын
Артып даңқы бірден-бірге жаңарған,
Шет жүрсек те сол данқ бізге күш жалын
Қоса түсед, елмен бірге жаралған.
Бас қорғап құр, шаппасам мен жауыма,
Мен бұқпақтап, өлім үстен секірсе,
Әйтіп сүрген өмір – өмір бола ма,
«Опасыз» деп ел бетіме түкірсе?
Тілемеймін, өйтіп аман қалуды,
Жүрек қорқып ерліктен бас алуды
Кісімін бе, елім өгей еткен соң,
Жерде менің татар дәмім біткен соң
Жоқ, қайғырма, достым, біздің ғұмырымыз,
Ел өмірінің кішкене бір ұшқыны,
Біз семсек те, сембес біздің гүліміз
Барған сайын арта түсер күн нұры.
Елімізді сүйгендікті ерлікпен
Көрсетелік өлсек – ерлік еліммен,
Біздің жастық жасымайтын ерлікпен
Даңқты да, күшті еді ғой әуелден!!
Бітсе ғұмыр, жастығымыз біздердің
Ізсіз сөнер деп ойлама, күйінбе!
Десін жастар, еске алғанда өздері:
Өлсе осылай арман не деп дүниеде.

28 Октябрь, 1943



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Испан ұлы

  • 0
  • 0

Бұлшық еті бұлың тас,
Испанда бір ұл — алмас:
Жарған тауды, қияны,
Оқ даусынан құлағы

Толық

Күз

  • 0
  • 0

Көтеріле, аспандай,
Көкте сұрша бұлт кешіп;
Жерге інжу шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.

Толық

Көктем

  • 0
  • 0

Еркін елім, алтын далам,
Алақаны аялы анам,
Жадыраған жаз нұрындай,
Алтын жаздың жаңбырындай,

Толық

Қарап көріңіз