Табыт

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 692
Тоқсандағы Фаруқ шал
Ұйқыдан бір күн оянып.
Қолымен басын сүйеп сәл,
Отырды ұзақ ойланып.
Қарт айтты: «Көп жасадым,
Ұят керек азырақ,
Ажалдан қалай қашамын,
Көрді ойлау жөн қазір-ақ...
Дүние қамын ойлау да
Керек маған неге енді,
Тыныш жатып орнымда,
Ойлау жөн соңғы күнімді».
Деп, далаға ол шықты
Жасатуға табытты,
Тұрушы еді бір үйде
Шаштараз бен табытшы.
Табытшыға кірем деп
Ашты сол жақ есікті,
Бір қыз шықты көлеңдеп,
Ақ халат, қызыл етікті.
Көзінде жастық нұр сөнбес,
Бұл қызға кім сүйсінбес!
Кәрі де қалай бас имес,
Қай ажал онан шегінбес!
Қызды керіп тулады
Тоқсанға толған жүрек те!
Қыз күліп шалдан сұрады:
Деп, «қарт, табыт керек пе?»
«Жоқ, қызым, табыт ертерек,
Демеймін өлім тақалды.
Сақал басты, еркем тек,
Түзесем деймін сақалды»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Табыт өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Табыт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Табыт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Табыт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері