Нарттар елінде
Темірлі тау шыңында ылғи көк тұман,
Ұнатамын сондағы орман жолдарын,
Емендерін бозғыл тұман жамылған,
Ақ шашағын иген жерге талдарын...
Хикаядай тыңдайды ұйып жазғы орман,
Жанындағы тұрған Бестау тынысын...
Бұрын мұнда болған талай қан майдан,
Қарт Эльбрус жарқылдатып қылышын,
Етегінде Машуктың кеп қалдырған,
Машук өлген майданда ауыр жарадан,
Тыңда, өзім хикаямды ол жайлы
Жырлап қана берейін бір жаңадан:
Бұрынғы өткен заманда,
Ел бопты бір Нарт деген.
Тұрыпты сол маңайда,
Сиқыршы бір қарт, терең.
Осы қарттың уыздай
Бір жас қызы болыпты,
Қолаң шашы құндыздай,
Өзі сұлу көрікті.
Қыздың Машук есімі,
Асқан сұлу өзі де.
Көркін көрген кісінің
Дәті қалмас төзуге.
Алтын айдай жүзі де,
Балдан тәтті сөзі де,
Нұр төгіліп тұрғандай,
Мұңға толы кезінде...
Бестау – жап-жас нарт жігіт,
Сүйіпті сол Машукті,
Бейне інжудей жалтта-жұлт,
Көрсең, жерде ышықты:
Аялап бір ай көктен
Алқапқа нұр шашыпты,
Тамаша еді түн неткен,
Күткендей қос ғашықты.
Кәрі Эльбрус ішінде,
Жатыр екен шер мықты.
Ақбоз аттың үстінде
Дүбірлетіп жер, көкті –
Сиқыршыға келіпті,
Келіп былай сөйлепті:
– Әйелдікке қызынды
Маған енді бер депті!
– Сенен артық бұл маңда
Менің қандай кісім бар?
Талқандайтын тауды да
Құрыш қуат, күшін бар!
Жұлдыздан көп санасаң,
Эльбрус біткен саған мал.
Шыныңменен қаласаң,
Болсын қызым саған жар.
Қуанып жаны болып құс, –
Келе жатқан жолында,
Көреді өзі Эльбрус
Екі адамды алдында!
Ғашықтар қол ұстасып,
Бестау менен қыз Машук
Тұр екен шомып жалынға
Қызғанып жаны от шашып,
Қайнап кеткен қаны да!
Тепкілеп ол тастарды,
Ашуын шын бастаған,
Беске бөліп Бестауды,
Қылышпен тіліп тастаған!
Қызды турап өлтіріп,
Соңынан оған өкініп,..
Көзінің жасын бұлаған,
Қапыда өлген Машуктің,
Аяғына ғашықтың
Өзі де барып құлаған.
Атасы келсе ашулы,
Шаң-шұң шыққан дауысқа,
Өліпті қызы Машугі,
Жаны кетіп ғарышқа,
Шомыпты қанға асылы,
Шыдамапты намысқа;
Эльбрусты өлтіре,
Басын жарып екіге,
Лақтырыпты алысқа.
Аттан салып Нарт елі,
Тауды-тасты жаңғыртып,
Аттанып кіл ер тегі,
Айқай-қиқу салдыртып,
Жарқылдаған қылышты
Қынабынан алдыртып,
Кеу-кеулесіп келіпті,
Қан-жосаны көріпті!
Қан құмарды біліпті,
Бәле содан болды деп,
Сиқыршы қартқа төніпті.
Жортуылды жұрт кешіп,
Шанды аспанға шашыпты.
Шошынғаннан бұлт көшіп,
Ай қияға қашыпты...
Өлерін білген сиқыр қарт,
Әпісүн айтып бас салып,
Бұрқана келген бүкіл нарт
Тауға айналған тас болып...
Қыз атасы со жерде,
Өліп, естен таныпты.
Ата да, жасыл өзен де
Тау боп қатып қалыпты,
Қыз өлігін көргенде
Көз жасы тасқа тамыпты.
Таудан сол жас бір кезде,
Бұлақ болып ағыпты.
Аңыз етіп атақты
Тау халқы бір осындай
«Нарт-сәне»7 деп атапты,
Бұлақты көз жасындай.
Содан екен тау суы,
Ағатыны таусылмай.
Көз жасындай бар суы
Мөлдіреген асылдай,
Сүйген суын күн нұры,
Мауқы бейне басылмай.
Жазық дала үстінде
Ылғи көк тас тау маған,
Бейне түрі мүсінде.
Бірінен бірі аумаған.
Беске бөлген пішінде
Бестау мұңға бойлаған,
Ғашығын – сұлу Машугын
Күрсіне терең ойлаған.
Бұл ертегі бірден-бірге өрістеп,
Толқындана күй шертеді құлаққа.
Көз алдыңа нарттар келіп елестеп,
Қиял шіркін кетеді алып аулаққа...
Терең ойға шомып тыңдап мен тұрам,
Жақындаған Бестаудың жан тынысын,
Таудан бұлтқа көтерілген көк тұман,
Түсіреді ойға нарттар соғысын.
Биік таулар – батырлардың моласы,
Мезгіл мүжіп жақпарланған жарлары.
О заманнан бізге қалған мұрасы, –
Дейді ертегі, – кәрі Кавказ таулары...
Етегінде Машуктің тұр деседі,
Әлі күнге бір ер жігіт моласы,
Дастандағы нартпен бірге кешегі,
Өлсе де өлмей, – аңыз болған расы.
Батыр Бестау не көрді езі жиһаннан,
Сүюдің бір дәмін қонып татпастан.
Нарттардайын әділдікке жан қиған,
Ғазиз басы ешбір тыным таппастан.
Аспан сүйген алып таулар шыңында,
Құздарының қар жамылған сап түсі.
Россияда атар таңның нұрына,
Кепіл болып тұрды намыс сақшысы.
Мұнда өткен қаһарманы заманның,
Мұнда сүю сазы қанат серпеді.
Мұңға бөлеп кеткен лебі арманның...
Жан жырының нәзік қылын шертеді...
Боз торғайдай көтеріліп көкке ұшқан,
Терең мұңы орманда өлген ғашықтың,
Аяғына басын иіп жер құшқан,
Өлмес жыры шырқайды ару Машуктің.
Лермонтовқа тәжім етіп таулар да,
Бүркіттер де жайып төмен қанатын.
Жапырағын иген төмен талдар да –
Ақын даңқын мәңгіге алып баратын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі