Көңілім – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Көңілім» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 879
Көңілде гүлдерім, –
Өмірде сембейді,
Жалынды тілегім,
Білемін, сөнбейді.
Жүрегім алаулап,
Көңілім қуанған,
Таң атып арайлап,
Көздерім жұбанған.
Жер қалай жаңғырған?
Таң ба бұл ағарған?
Көктем бе мұнарған?
Көн,ілім жаңарған?
Жоқ қайғы-күйініш,
Жүзімде сүйініш...
Кел, тыңда, – қолымда
Сайрайды сұлу құс...
Көздерім қуанды,
Көңілім жұбанды!..

Ташкент, 1925


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері