Таң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 934
Таң қызы күлімсіреп жүзін ашты,
Көк аспан алтын теңіз мұнар ашты,
Гүл исі бау-бақшаның әтір атып,
Аспанға сүңгіп сұлу жұлдыз қашты.
Батты да көк тұманға ұйқы тайды,
Үміттің сұлу құсы қанат жайды,
Шаттықтың шың басында гүлі ашылып,
Жоғалды қам көңілді шалған қайғы.
Таң елі қанат қақты көкке самғап,
Жарылды жауқазыннан гүлдер жайнап,
Аспаннан нұрын төге күн шыққанда,
Жаңғыртты жасыл бақты бұлбұл сайрап.
Құлпырып, қызыл, жасыл гүл жасарып,
Құлшынды жаны сергіп, ел жасанып,
Самалы жаңа өмірдің беттен сүйіп,
Дегендей, тұрды – қанат гүлге ашалық!
Бөлене түссін енді гүлдер нұрға,
Егіле түссін алтын дәндер қырға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таң өлеңінің авторы кім?

Тайыр Жароков — осы өлеңнің авторы.

Таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тайыр Жароков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері