Сусын берді – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Сусын берді» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 873
Көп жылдар көрмей жүріп, келдім елге,
Әлде не ойға оралып, аң-таң қалдым,
Тізгінін бұрып аттың жақын бардым
Бір кезде мені жылан шаққан жерге.
Орнапты сол жерге бір сұлу сарай,
Алдында шынар өсіп әуелеген,
Арты бақ гүл-гүл жайнап мәуелеген,
Ойладым: «Салынған деп кімге бұл жай?»
Қарады терезеден бір сұлу қыз,
Тұрғандай ақ бетінен сүйгізгелі,
Әлі есте жүрегімді күйгізгені!..
Жарқырап жанып тұрды шолпан жұлдыз,
Сайрады ол: бұл колхоздың үйі деді,
Қолынан колхоз қызы сусын берді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері