Қыздың жыры – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Қыздың жыры» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 705
Тосып тұрып суға келген жерімнен,
Құшақтадың иіп қыпша белімнен,
Содан бері бір шықпайсың есімнен,
Сағынсам да көре алмадым сені мен.
Осы күні әскердесің алыста,
Ел ұлысың, елді бермес намысқа,
Мені есіңнен шығармасаң болғаны,
Жауды қуған тұйғындардан қалыспа.
Аман болсаң ақыр бір күн келерсің,
Ғашығыңның ақ дидарын көрерсің.
Көңілімді көкке биік көтеріп,
Күткен жарға көңіліңді бөлерсің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері