Жақсы адамдар – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Жақсы адамдар» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Жақсы адамдар

Жақсы адамды көре қалсам тілеймін,
Ұзақ өмір сүргей-деп.
Жақсы адамдар -​ нұрдан тамған тамшылар,
Жан дүниесі тым бөлек.

Жақсы адамдар қарапайым, сыпайы,
Пасықтық жат оларға...
Жақсы адамға сырыңды ашып, сырлассаң -
Шын жүрекпен​ ұғады!

Жақсы адаммен уәделессең... ұмытпай,
Сертінде нық тұрады!
Саған айтпай, білдірместен сыртыңнан,
Көп жақсылық қылады...!

Жақсы адамдар жан-жағымнан қаумалап,
Сәуле берді көңілге...!
Тек жақсылар болғаны үшін ұнайды -
Мына жалған өмір де!

Ең қиыны - жоғалтуға қорқамын,
Қымбат маған әр бірі....!
Мен сендерді жақсы көрем,
Жақсылар...
Бар болыңдар,​ БАРЛЫҒЫҢ!!!

Гүлмекен Қасенбай
05.12.2020


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар