Күз картинасына қарап

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 13.12.2015
  • 0
  • 0
  • 2671
Су тұнып, айдынында - бу сақталған,
Ағаштар жылқы құсап жусап қалған!
Жапырақ дір-дір етіп тоңып жатыр,
Үстіне керпе сұрап жұмсақ талдан.
Ай туып - қызыл ерін қиықтанған,
Сәулесін түсірмейді бұйыққаннан.
Қарағай, қайың, терек тұнжырап тұр,
Көл үсті - сүт секілді ұйып қалған.
Талдар жоқ көктемдегі бүршік атқан,
Бұлақ жоқ - тастан-тасқа ыршып аққан.
Бастарын кеудесіне тығып алып, -
Торғайлар бұғып отыр - күншуақтап.
Шыққандай бір айдаһар бұлт ішінен,
Қорқасың шұбар бұлттың түр-түсінен.
Жылжиды анда-санда бір күрсініп...
Күн көзі жаңылғандай күлкісінен.
Қайың-қыз ақ көйлекпен жүретұғын,
Сыпситып киіп апты - сұр етігін...
Тұрғандай қызығып һәм қызғанып та,
Түріне жазда түскен - суретінің...
Тау жатыр жамылып ақ - тонын ауыр,
Қағады тоқылдақтар- қоңырауын...
Күліп түр бәз-баяғы қалпымен тек,
Шыршалар - ашып тастап омырауын!
Осылар - өзгермейтін киелі бақ
Осылар - сүйсе өмірді, сүйеді нақ!
Жомарт жаз қош айтысып бара жатыр,
Қаздардың қанатына - тиеліп ап...
Күн өтті.
Алға тағы асты бір күн...
Бейнесі осы ма еді - жас ғүмырдың?! ...
Күз құсап қоңырайып отырмын мен,
Түсіріп ақ желкенін - жастығымның!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күз картинасына қарап өлеңінің авторы кім?

Мақсұт Неталиев — осы өлеңнің авторы.

Күз картинасына қарап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Күз картинасына қарап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мақсұт Неталиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күз картинасына қарап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері