Қара жер – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қара жер» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2022
  • 0
  • 1
  • 3920
Дүние тегіс,
Жалпы кеңес,
Қызыл туға бағынса.
Жалпы ғалем,
Қызыл әлем
Қызыл шашақ тағынса.
Болмай жәбір,
Жалпыға бір
Болса көптің жиғаны.
Қызықты еңбек,
Жалпы теңдік,
Махаббат боп иманы.
Мейрімді ана,
Еркін дала,
Қандай түрге кірер ең?
Жәннат болып,
Бақыт толып,
Көркем дәуір сүрер ең.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Бота

Супер

Осы автордың басқа өлеңдері