Ыбырай

Бұл бетте «Ыбырай» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 4109
Әнші бар Көкшетауда талай ірі,
Ыбырай — топ жарғанның о да бірі.
Қаңбақша қыз-бозбала қағып алып,
Жайылып талай әсем ән мен жыры.
Өзі ақын, ән шығарғыш, домбырашы,
Сауықтың жан думаны, болған пірі.
Ақырып арыстандай ән салады,
Ыбырай жүйрік тарлан әлі тірі.
Кен алқым, кең көмейлі даусы керней,
Ақырмай ән салмайды, көкірек кермей.
Астына алты қырдың естіледі,
Шырқаса екіленіп құлаш сермей.
Ән салса, алқымы ісіп құйқылжиды,
Бәйге атша, алып қашқан ырық бермей,
Айнала айдын көлге естіледі
Жаңғырып керней даусы аспанға өрлей.
Қапсағай, қыр мұрынды, арыстандай
Жаратқан дүлдүлмен де жарысқандай.
Әуелі қалтыратқан күркір дауыс,
Тіресіп дауылменен қарысқандай.
Әні бар «Гәкку» деген аңқылдаған
Аққудай айдын көлде қаңқылдаған.
«Гідігай», «Қалдырған» мен «Маңмаңкерін»
Ырғалтса, керней даусы.саңқылдаған.
Мазақтап байдың қашқан «Керекесін»
Советтің көзі көріп берекесін,
Советтің губерналық жиынында
Ән шырқап, құттықтаған мерекесін.
Советтің еңбекші елге сыйын көріп,
Отарба, машиненің биін көріп,
Екеуін өлең қылды «отарба» ән мен
Гулеген Көкшетаудың күйін көріп.
Туса егер, өнерлі елде бақтарына,
Білім ап жүрсе бәрі баптарында:
Біржан сал, Ақан сері, Ыбырайлар,
Алмас ед Шаляпинді қапталына.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ыбырай өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Ыбырай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ыбырай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ыбырай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері