Қосымша – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Қосымша» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2312
Қойса да «Бурабайды» байдан алып,
Кейде кей арамтамақ пайдаланып.
Жатады еңбекшінің орнын алып,
Күтулі, орынды ондап, жайлап алып.
Шалдыққан еңбекшілер арасында,
Ұялмай жүреді, о да «майдаланып».
Көргенде көзіңмен тек оқ атасың,
Келген деп, рұқсатты қайдан алып?!
Әрине, жоқ емес қой ондай кеп те,
Уа, жалған, не болмайды ну мен көпте
Аңызда қалың бидай арасында,
Ұрланып, өмір сүред арам шөп те.
Кекіре, мысық құйрық, арам кермек,
Еңбекші аңызынан жұлып термек,
Өршітпей арам шөпті жұла берсе
Арам шөп бірте-бірте құри бермек.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері