Жұмыскер табы ұлы майданда – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Жұмыскер табы ұлы майданда» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 1544
Еске түседі ұлы күндер — май күні,
Жұмыскер тап біріккелі ант қып, сай күні.
Жолдас — досым,
Ардақ — қосым.
Есте болсын,
Қол ұстасып бірге болдық қай күні.
Тырнақты сұм алқымыңнан алғанда,
Қанды шеңгел сірескенде жағаңда.
Алтын ұлдар,
Жалқын мұндар
Өңкей сұмдар,
Дәл арқаңа алтын қанжар салғанда.
Дәл сол істе қанға бірге батқамыз.
Шайнап жауды, шайналып та жатқамыз.
Жүзікті алтын,
Сары жалқын,
Жұмсақ алқым,
Сұмды тістеп бір мезгілде қатқамыз.
Мен тұрмағам іштен пәле түйсіне,
Не әуелі пышақтап ап, «иісте».
Әкім боп сен,
Келмегем мен,
«Жайып сап жем»,
Жұртқа берген тәтті асыңның иісте,
Сендерменен түсіп шыққам бір көрге,
Аш-жалаңаш жатқамыз кір жерде.
Көп жау талап
Шұрқ-шұрқ жаралап, 
Дал-дал қанап,
Сендерменен қаным тамған бір жерге.
Сол күнгі істі кешпейді сұм ұлдары,
Ордалары талқандалған тұлдары,
Қанжар қайрап,
Іштен байлап,
Судай сайрап,
Қу қарынның кіл сұғанақ мұндары.
Қата бассам — сен түзейсің, — ем көрем,
Сезіміңді жазсам шындап өңденем.
Қулар үрсе,
«Кекке міне».
Кекеп күлсе
Сұқ күшіктің үргенімен тең көрем.
Қан майданда қолтығыңа кіргемін,
Жанды ортаға салып, білек түргемін.
Зор сертті істе,
Қанжар тістеп,
Бірге піскем —
Өлгенімше сендерменен біргемін.

1929 жыл 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмыскер табы ұлы майданда өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Жұмыскер табы ұлы майданда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмыскер табы ұлы майданда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмыскер табы ұлы майданда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері