Сәйгүлігім – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Сәйгүлігім» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.07.2022
  • 0
  • 0
  • 2376
Бесжылдықты
Бес қырқадан асқанда,
Біздің поезд
Үдеп алға басқанда:
Қалам желіп,
Жүйткі еріп,
Совет елі
Тарихтың шын
Алтын бетін ашқанда!..
Сом білегім, ірікпей күшті қарышта,
Бұлшық етім,
Бұлтылда ойнап маршта.
Жүйткі, талма!
Іркіп қалма,
Деміңді алма
Бес қырқадан
Асқан ұлы жарыста!
Совет елі
Шыққан өрлеп бұл асу, —
Социалдық
Ұлы биік, ұлы асу,
Әуел толғап,
Туды қолға ап,
Шықтық жолға ап.
Керек болған
Сонда-ақ белді қынасу..
Сәйгүлігім,
Кеше қырдың жабысы,
Дүрсілдесін
Жерді жарып дауысы.
Кер құлашты!
Жер қыл тасты!
Жел қыл қасты.
Тұлпарымның
Белгілі екпін шабысы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері