Бұл бетте «Кел, жігіттер» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көшкен елдей,
Соққан желдей,
Жастық шағы өтер тез.
Шіркін жастық —
Көшкен мастық
Аңдаусызда кетер тез.
Кел, жігіттер,
Болыңдар ер,
Жүйткіт,
Орғыт тұлпарды!
Жаз қанатты,
Сілте қатты,
Ұйтқыт, өрлет сұңқарды!
Екпін үнді,
Қызыл сымды
Домбыраны алайық.
Кезіп қырды,
Қосып жырды,
Күңірентіп ән салайық.
Залымдық пен
Әділдіктің
Алысқанын айтайық.
Жер жүзінде
Бай мен кедей
Шабысқанын айтайық.
Кедей сүйер,
Байлар күйер,
Ауыздан от шашайық,
Салып ұран,
«Кедей, құрал»
Кедейден топ жасайық.
Кектер қайнап,
Ту айқайлап,
Көкіректі кернеген.
Қанат сермеп,
Күйлер кернеп,
Шықсын әрбір пернеден.
1917 жыл
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі