Тұлпарым – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Тұлпарым» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2022
  • 0
  • 0
  • 4698
(Тұтқын)

Темір торлы тас үйде
Көкірегім толды шерменен.
Қанатты, тағы тұлпарым
Арқырап келші кермеден.
Тұмарлап баптап, айдарын,
Құйрығын сүзіп ерлеген,
Құтқаршы мені қамаудан
Шынжырлап ерік бермеген;
Мініп ап «шу!» деп кетейін,
Жарысып соққан желменен,
Көбігің шықсын күмістей
Шомылып аққан терменен.
Аймақты жарып дүбірің
Жаңғырсын таулар, жерменен,
Сыпыра шауып қырымды,
Амандасып көлменен.
Бұралған өзен, орманмен
Зеңгір таумен, белменен,
Өңкей сорлы езілген
Көрісейін елменен.

1918 жыл


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері