Өлең, жыр, ақындар

Пәлеге ұшыраған қарашекпен

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 994
Жасынан кемшілікпен михнат шеккен
Үй болып түзіле алмай жүріп көптен.
Ақырында әжептәуір бай болыпты,
Бұрынғы ертеде бір қарашекпен.
Бейшара дүние жиып әжептәуір,
Болса да құдай беріп өзі тәуір,
Үй салып, албар-қора оңдап алып,
Көрмеген тұрды байғұс рақатта бір.
Көрмеген дүниеде ондай малды,
Қатын ап қуанышты сүйіп жарды,
Жолыққан әрбіреуге байлық айтып,
Әркімге жақсы-жаман хабарланды.
Болашақ алдағы ісі білер құдай,
Тәубасыз болма жарлы, болсаң да бай,
Бір күні қорасына ұры түсіп,
Мал-мүлкін әкетіпті түк тастамай.
Нәрседен тағы-дағы түк қоймайды,
Пәледен өзің сақта тәңірі бұндай.
Таңертең қарашекпен тұра келді,
Бейшара өксіп-өксіп жылай-жылай,
Залымда ұры менен ұят бар ма,
Адамға зиян жоқ еді пенде,
Бір түнде бейшара боп қалды байғұс,
Ұйқыдан бұ секілді оятпа, алла.
Таңертең көршілерін жинап алып,
Көңілдес достарына хабар салып,
Бәрінен қал-қадары жәрдем сұрап,
Болған соң бұйрық солай тұр жалынып.
Әркімге жайын айтып, болған бұндай,
Жалаңаш үсті-басы болып жұрдай.
Қайтсе де аяушылық етіңдер деп,
Пәлеге кез келтірді,—дейді,—құдай.
Жиылған көрші, құда, жақындары,
Бас қосқан үлкен-кіші жас пен кәрі,
Көп аяп, құр сөзбенен уайымдап,
Байғұсқа берген сонда жәрдемдері.
— Я, көршім, халың нашар болды міне,
Сақ бол деп айтып едім анау күні,
Тіл алмай ақырында бұндай болдың,
Білгіздің байлығыңды жұртқа неге?
Хат жаздым қылып ермек күн-түн ұдай,
Пәледен сақта, алла, өзің бұндай.
— Қораңды мал тұратын үйге жақын,
Салғайсың дейді бірі бұдан былай.
Бірі айтты:— қабаған ит ұста, көршім,
Бұрынғы салақтықты таста, көршім,
Қайғырғанмен өткен іске түк қылмассың,
Тұр дағы шаруаңды баста, көршім.
Бірі іреп, бірі сойып жиылған көп,
Дал ҚЫЛДЫ басын сордың әр неме деп.
Мың, түрлі сол арада ақыл берді,
Шынында бір тиындық пайдасы жоқ.
Басыңа, пенде, іс түссе,
Ақылшы тұрар табылып.
Ағайының жиылар
Бәрі бірдей жабығып.
Оныңа кім жыламас,
Уайымдасып, қайғырып.
Жәрдем жайынан сөз болса,
Бірге туған ағайын,
Құшақтасқан досың да
Өзіңнен жаман сорлы боп,
Бәрі де қалар шабылып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Маймыл

  • 0
  • 0

Өз біліміңше іс істе келсе шамаң,
Тырысып біткенінше қойып табан.
Құр бекер біреу пәлен етіпті деп,
Маймылша еліктеуін, тіпті жаман.

Толық

Емен ағашы мен тал шыбық

  • 0
  • 0

Бай болсаң, дәулетіңді көңіліңе алма,
Көршіге семіздік қып қысым салма,
Мықтылықты күшін, болса орнымен қыл,
Бәрін де беретұғын жалғыз алла.

Толық

Маймыл менен көзілдірік

  • 0
  • 0

Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей,
Ғасыға тек жүрмеңіз ғақыл бермей,
Бір маймыл қартайғанда қор болыпты,
Байғұстың бұрынғыдай көзі кермей.

Толық

Қарап көріңіз