Өлең, жыр, ақындар

Шортан менен мысық

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 959
Қолыңнан келмес іске етпе талап,
Шықпассың оныменен іске жарап,
Мысалды ғибраттар толып жатыр,
Түсініп пайдаланса халық бірақ.
Кенеттен ешбір жөнсіз келгенінше,
Көп артық жөні-жайын алған сұрап.
Әр пенде хал қадары жүрген артық,
Қол созбай жоқ нәрсеге тұрған жырақ,
Қайтсе де надан кісі ғалым болмас,
Бұлбұлға тең болар ма қарға сайрап,
Кеңесін шортан мысық еттім бәйіт,
Пайдасы ғибрат үшін көңіліме ұнап.
Өзенді қысы-жазы жайлап шортан
Қасқырдай сайран қылып түнде жортқан,
Балықты ұсақ-түйек жаудай қырды.
Кем болмай ұмтылғанда атқан оқтан.
Батырдың мастықпенен көңілі тасып,
Ойлады ауламаққа қырдан пысқан.
Жалынып кез келген соң қылды өтініш
Бірге ертіп алып шық деп бір мысықтан.
Мысық айтты: —судай көрме жердің бәрін,
Аулауға біздей тышқан келмес әлің,
Ұстайтын қуып жүріп шабақ емес,
Сұраймын тілімді алсаң қой деп, жаным.
Бір ісің істемеген бала жастан
Білмейсің сұрасаң да оның жөнін,
Жұртқа күлкі болудың пайдасы жоқ,
Тіліне кім сенеді бұл пенденің.
Абзалы «іс иесінен қорқар» деген
Білетін істен қалсаң не арманың?
Шортан айтты:— жоқ нәрсеге құлақ қойман,
Сол болсын, мені ертіп бар, тиген пайдаң
Тышқанды ала алмасам маған ұят,
Барған соң керек емес ақыл-айлаң.
Жалынып тұрғаннан соң болшы, жүр деп,
Қайтейін апармасаң өзің біл деп,
Шортанды тышқаны көп бір қораға,
Енгізді келсе шамаң аулай бер деп.
Тышқанға бір жағынан тойып мысық
Жібермей көрінгенін көзге түсіп,
Сонан соң халын біле келіп еді,
Өлуге жатыр екен шортан күшік.
Осындай тыңдасаңыз кеңесім бар,
Түспе деп бұндай халге етемін зар,
Қораны мекен етіп толып жатқан
Құйрығын жеп қойыпты көртышқандар.
Шортанды жатқан бұлай көріп өзі,
Жұмылып халы кетіп екі көзі
Қайтадан азаптанып суға әкеліп,
Мысықтың насихат қып айтқан сөзі.
— Мінекей, Шортан осы саған ақыл,
Әр іске ойланып кір, болма ғафыл.
Шықпассың ендігәрі тышқан аулай,
Бар енді жайыңменен деді батыр.
Білмеймін қай уақытта түзелерін,
Адамдар бұған ұқсас толып жатыр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көлбақа менен юпитер

  • 0
  • 0

Батпақты тастап бақа, болғасын жаз,
Орын ап тау басынан болып жүр мәз,
Су көп қой ол уақытта әрбір жерде
Үй салып рақаттанып тұрды біраз.

Толық

Аю менен мүсәпір шал

  • 0
  • 0

Дос болсай шынымен бол, ықыласпен
Бас тартпай қызметінен достың қосқан,
Ләззәті бір-біріне балдай болсын,
Сырттағы күйінгендей болса дұшпан,

Толық

Арыстан мен сары масалар

  • 0
  • 0

Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,
Кемдікке қалдырмаңыз не қылады деп,
Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,
Алатын сыбағасын басып көптеп.

Толық

Қарап көріңіз