Өлең, жыр, ақындар

Асыл шөп

  • 11.08.2022
  • 0
  • 0
  • 2214
Үш-төрт күн жазбағалы болды хатты,
Емеспін шешен мырза тілім тәтті.
Екі қап алма арқалап екі қатын,
Зылиқа әм Қадиша келе жатты.
Қалаға апарып сатпақ көңілдері,
Адам жоқ пұл беретін одан бері,
Қайқаңдап екі байғұс келе жатыр,
Жүктерін жарамайды жеңілдерге.
Зылиқа көтере алмай сыр білдіріп,
Дем алып әлсін-әлсін жүріп тұрып,
Уһлеп күрсініп байғұс келе жатса,
Әзілдеп Хадиша оны жатыр күліп.
— Осынша не себепті көңілдісің?
Жарқыным, менен артық емес күшің,
Қаптар да бір-біріне жеңіл емес,
Жарқылдап күле бермей, айт мәнісін.
Хадиша сонда айтты оған қарап,
— Шеше-ау, не қыласың күшті сынап,
Әр түрлі мехнатты жеңілтегін,
Келемін қабыма мен шөпті салып.
— Ах, олай болса, ол шөбің асыл шығар,
Жақсыдан қалған жұрнақ, нәсіл шығар,
Мендағы жүгімді бір жеңілтейін,
Келінжан, атын айтшы, етпей құмар.
— Айтайын саған атын қазір,— дейді,—
Айтпасам болады ғой жәбір,— дейді.
Сенде жоқ, білгенменен құр есімін,
Ол шөптің болады аты «сабыр» дейді.
Жігіттер, сабыр етсең, әрбір іске
Болса да жақсы-жаман ерте-кеште,
«Сары алтын — сабыр түбі» деген бір сөз,
Бұрынғыдан қалған мақал рас емес пе?
Қадиша Зылиқадан емес мықты,
Сабырлы төзуменен не боп шықты,
Сондай-ақ аш-арыққа тезім керек,
Сөзімді надан босқа жіберіп, жақсы ұқты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қомағай ит

  • 0
  • 0

Дүниеде не іс көрсең, еткіш сабыр,
Нашарға күштімін деп етпе жәбір,
«Менменде тәуба жүрмес» деген сөз бар,
Болашақ, еткен істі білер тағдыр.

Толық

Қарға

  • 0
  • 0

Жақсыдан ғибрат ал жай жүргенше,
Істеген ісін істеп шамаң, келсе.
Көңіліңді бұзықтыққа бір де бұрма,
Қашан бір әдеттеніп үйренгенше.

Толық

Пәлеге ұшыраған қарашекпен

  • 0
  • 0

Жасынан кемшілікпен михнат шеккен
Үй болып түзіле алмай жүріп көптен.
Ақырында әжептәуір бай болыпты,
Бұрынғы ертеде бір қарашекпен.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар