Аламун еліндегі шайқас
Бәрқубйә аталмыш,
Теріскейде құм жатыр.
Бұл шөлейттің бетінде,
Құпия толы сыр жатыр.
Шығысында қаһарлы,
Азуы тастай ел бар-дүр.
Алтын Баршах шаһары,
Әл Муаизз салған-дүр.
Ол кім деп таң қалма,
Елінің ғазиз патшасы бұл.
Бірде ханша Шармана,
Майданда жүріп туған ұл.
Сиқырсыз, күшсіз бойына,
Даналығын дарытқан ұл....
Хисан Әл Муалид
Кейінгі ханы болады-дүр,
Соғысқа құмар сұм хезит
Әл Амунды жеңген-дүр.
Тыныштық орнап әлемде,
Қос қабағын түйгенді,
Соғысуды жалмап сүйгенді,
Ұмытқан заман өтті-дүр.
Абдул Әл Муалид,
Хисанға тұңғыш болады ұл.
Алдаспанын сермеген,
Жауыңа қарсы жаналғыр,
Әскерін ертіп күйлеген,
Шаһары орны күйреген,
Дәу құбыжықтар билеген,
Ваджимге лап қояды-дүр.
Дабылы соғып гүр-гүр,
«Тоқта» — дейді Абдул.
Айқайлап бар дауысымен,
«Бекініс іші тым-тырыс,
Жаудың құрған тұзағы бұл.
Бөлің» деді жан-жаққа.
«Олар да күтер бізді,
Балығын іліп қармаққа.
Бөлінбеске амал жоқ» —
деді Абдул қатуланып,
Қасында тұрған сарбазға.
Сарсаңға түсті уайым қып,
Жүгіртіп ойды сан-саққа....
Ала тұман түк көрінбес,
Алдыға жылжып сарбаздар.
Дұшпанына дес бермес,
Найзаны түріп сайлаңдар!
Абдулдың бұ кез жанына,
Бір сарбаз жетіп бой ұрды:
«Билеушім, — деді қарлыға,
Әкеңіз марқұм мерт болды...!
Жүрегін ұстап қамыға,
Тірі ме деп зарыға.
Сізді ойлаумен күз болды,
Бақилық болар алдында.
Үлгермейсіз-ау,
Үш түн, үш күн жүріп асыға,
Жаназасына тағы да». — деп,
Сарбаз жылай кетті
Билеушінің алдында.
Әрең сүртті көз жасын,
Жерге қарап арлана.
Бұны естіген әскерлер,
Жығылып жерге бас ұрды.
Зар еңіреп күл болды.
Бұлттар гулеп күркіреп,
Аспанды басып түнек,
Тұманын лезде сейілткен,
Құты дарыған күн болды.
Ақша жаңбыр сіркіреп.
Абдул бар дауысымен,
Айқайлап түгел қосынға.
«Бұл сәт жылайтын емес,
Тағдырға тізе бүгіп отыра.
Кектеніп келдік біз бұнда,
Есемізді жаудан алуға.
Шабуылға шық!» — деп,
Абадан арыстанша ақыра.
Қылышын суырып сабынан,
Тұрып бірінші қатарға.
Садақшыларды әкеліп,
Түзеді екі қатарға.
Семсершілер артынан,
Абдул өзі бастаған,
Ақырын кірді қамалға.
Әскерменен аздаған
Дәулер шықты алдынан.
Шоқпармен келіп ұрды да,
Бүркітше самғап құрты да,
Қимылдай алмай бес сарбаз
Бір-ақ ұшты қамал сыртына.
Аяғымен езіп тағы бірін,
Шыңғыртып айғай салды да
Қоштасып қысқа өмірмен,
Пәрменін Абдул берген,
Садақшылар сабына:
— «Атыңдар» – деді,
Сарбаздар тартып садағын,
Жұмсарған сабымен жауынға.
Қисайған оқ жаудырды,
Дәудің көздеп жағына.
Шайқалып тілі салақтап
Дөмп етіп құлады артына.
Найзалы әскер қадамдап,
Тойтарыс берді жауына.
Жайпаған жауын жолынан,
Соққы берді соңынан,
Дайын тұрған күшке толы
Семсерші қаптап ағыла.
Шет-шетінен құлаған,
Дәулердің осы біткен жері,
Жеңілгенін сезгендей,
Жетпейтінін жау санына.
Шегінуге бұйрық беріп,
Дабыл қақты дабыра.
Тым-тырақай қашты әне,
Бастарын салып қарнына.
«Жеңіс» — деді біреуі бастап,
Алаңды кетті шу алып,
Шаттанып қарап айнала,
Дәулер қашқан тау-тасқа.
Айқайлап бәрі қуанып,
Абдулдан басқа....
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі