Екеуіңе

Бұл бетте «Екеуіңе» атты Оразақын Асқар жазған өмір туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 25.09.2022
  • 0
  • 0
  • 3712
Қиын да емес, оңай да емес үй болу,
Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену,
Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның,
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру.

Болады онда ішкі де сыртқы – саясат,
Аяйық жарды біреуді егер аясақ.
Жақсы үйде болмақ әскери қатаң құпия,
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая сап.
Қашанда жарға керегі жылы назарың,
Жалғызсыратпа, тартқызба күту азабын.
Мен сүйтіп едім, сен неге бүйтпей жүрсің – деп
Сауданың үйге орнатпау керек базарын.

Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,
Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен.
Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғыздың,
Кешірімді бол, келіспей жүрме өзіңнен.

Киелі зат жоқ – жарыңның махаббатынан,
Екеуіңді де аялауға оны шақырам.
Көсегелерің көгерсін! - берген ақ батам,
Беремін барлық үлкен үйлердің атынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Екеуіңе өлеңінің авторы кім?

Оразақын Асқар — осы өлеңнің авторы.

Екеуіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Екеуіңе өлеңі не туралы?

Бұл шығарма өмір туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Екеуіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері