Долана – Ақбота Бейбітбек

Бұл бетте «Долана» атты Ақбота Бейбітбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • kmm
  • 05.12.2022
  • 0
  • 0
  • 1228
Ойларды жуықтатпай санама оғаш,
Табам жоқ, күнім де жоқ тобаламас.
Дөңгелек дүниенің діңгегі боп,
Түсімде тұрдың өзің долана ағаш.

Жаныма бойжеткелі жат еді күз,
Дайын боп кешіруге қатені жүз.
Мәуелі жемісіңе шоқтай қызыл,
Тамсанып қарап тұрдық әкелі-қыз.

Жетпейді қазір даусым, қазір үнім,
"Бақыттың басыңда тұр тәжі, гүлім"-
деді де маңдайымнан сипады әкем,
Білдіріп шын көңілден разылығын.

Күн күліп, шырқап жатты кұстар әнін,
Таранып біткенінде түс тарағын.
Білдім мен бойтұмарым, екен бағым,
Әкеме ұқсағаным, ұқсағаным.

Оң жолға алып келді жорамалым,
Белгілі дерттен ішкі оңаларым.
Жылуын әлі сезем алақанның,
Дәмі де қалды аузымда долананың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Долана өлеңінің авторы кім?

Ақбота Бейбітбек — осы өлеңнің авторы.

Долана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Долана өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ақбота Бейбітбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Долана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері