Біздің халық қорықпайды мылтықтан – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Біздің халық қорықпайды мылтықтан» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біздің халық қорықпайды мылтықтан,
Шыдатпады азық-түлік қымбаттан.
Қымбатшылық келіп жетті енді деп,
Арзандаттық газды біздер нарықтан.

Асыра алмаған түлкілер бар айласын,
Таба алмаған арамдар бар пайдасын.
Шығып едің көк отынның құны үшін,
Түсіргенмен әлі жүрсің, майдасың.

Түсінбейді кейбіреулер саясатты,
Ойлайды бұның бәрін жеңіл-желпі.
Құлатқан соң болар ма жақсы күнің,
Бермейді ешкім саған кепілдікті.

Етерміз жанды пида халық үшін,
Басқандаймыз жаңа қадам ұрпақ үшін.
Зар қақсап қалмайықшы күнімізге,
Ертеңгі бүгінгіден нашар үшін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері