Ай-ләйлім – Ержан Қабышұлы Қабанбай

Бұл бетте «Ай-ләйлім» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұлақтай дауысыңмен сыбырлаған,
Сездірдің көңіліңнен хабар маған.
Бір сәтте ұшқыныңмен жарқ еткіздің,
Жанарға жалын ешкім жаға алмаған.

Жарығым жүрек тулап, қашты түзге,
Бұл тағдыр бақ мұратын шашты бізге.
Қайтер ем тоғыспаса бір жолымыз
Өмірім өтер ме еді ұқсап күзге.

Жарқыным жай табамын, жанға жылу.
Жанымнан кетпе, қиын қашық жүру.
Асығып, ынтықтырып, сағындырдың,
Осынша бола ма екен ғашық қылу?

Шырағым шықпай қойдың сен есімнен.
Түн ұйқым төрт бөлінді сенесің бе?
Сәулеңнен шағылысқан маңдайымнан
Шуағын махаббаттың сезесің бе?
Ержан Қабышұлы / Bura-Naiman


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар