Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай – Әмір Әділет Нұркенұлы

Бұл бетте «Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай» атты Әмір Әділет Нұркенұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шыға алмадым шырғалаңнан әттең-ай,
Жатыр мида түрлі ойлар, мың сарай.
Тылсым сырлар жай тапқызбай, бек қойды,
Қамалғандай сан жылдарға зынданға-ай.
Байланған ба бүкіл денем арқанға?
Ұсталған ба аяқ-қолым тұзаққа?
Түсіп жатты ми мен жүрек талқыға,
Салсамдағы махаббатты ақылға.
Салынғанмын, өзіңді ойлап қайғыға,
Өкінгенмін, ғашық болып қалғанға.
Қирағанмын, қопарылып сағымға,
Ашылмаппын, сезім айтып лағылға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері