Бөлісе алмайтын қуанышыңды – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Бөлісе алмайтын қуанышыңды» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 840
Бөлісе алмайтын қуанышыңды,
Ортақтаспайтын мұңыңа.
Жайлаудың бальзам бұлағы сынды,
Шөліркемейтін жырыңа.
Өтірік күліп тұратындарға,
Жылап жатады қу ішім.
Зарығып жүрмін шын ақындарға,
Өлуге даяр у ішіп.
Қуаныш досым...
Қаладан жұмбақ,
Сағындым қатты Ақсуды.
Бақытты шақтар санаған қымбат,
Қарайды бүгін жат сынды.
Ақылға көнбес сандуғаш кеудем,
Сағыныш дейді бәр-бәрі.
Тартып барамыз тағдырлас керуен,
Кешігіп жетер арманы.
Жұлдызы көктің неге сиреді?
(Біздер де жерге жат едік.)
Өлең шіркінді өле сүйгенім,
Өкініші жоқ қателік...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері