Жұмбақ заң

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 29.08.2020
  • 0
  • 0
  • 1521
Оң қабағыңмен қарайсың маған,
Сол қабағыңмен қарайсың маған
Оңға басса деп ойлары.
Талай мақтаған, талай сынаған,
Жекіріп алып жағдай сұраған
Жанашырымсың қайдағы?!
Мерт бола жаздап айға атылсам мен,
Майып боп құлап ойда тұрсам мен,
Жанұшырасың сен неге?
Көрсеткім келмей, қайратым семген,
Көзімді бүркеп, ойда отым сөнген,
Жанұшырамын мен неге?!
Бөлек құрсақтан, бөлек құндақтан,
Бөлек толғатқан, бөлек дәм татқан,
Адамның неге жаны бір?
Түйсінгенменен, түсіне алмайтын
Түсіне алмасаң, кісіні алдайтын
Болмыстың жұмбақ заңы бұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақ заң өлеңінің авторы кім?

Кеңшілік Мырзабеков — осы өлеңнің авторы.

Жұмбақ заң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жұмбақ заң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кеңшілік Мырзабеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмбақ заң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері