Хас батыры боп ертегілердің – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Хас батыры боп ертегілердің» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.01.2023
  • 0
  • 0
  • 821
Хас батыры боп ертегілердің,
Әділдік үшін дұшпанды өлтірдім.
Жұмбақ қайғыға өртеніп өлдім,
Елесі қуып мыстан кемпірдің.
Ақылға жақын аядым миды,
Отаса алмайтын жүрек күшімен.
Арғымақ сенімнің аяғын қиды,
Жалмауыз күндер күрек тісімен.
Адасып қалдым серуен өмірден,
Сергелдеңімен сері қылықтың.
Жындылық сайтан кеудеме мінген,
Самалы тиіп пері күдіктің.
Тарих бетіне сау көшірілген,
Аспанға айтамын жаһанның зәрін.
Тербелем түнде тау бесігімде,
Құшағыма алып Ақанның зарын.
Безіндім сенен қақпайшыл өлкем,
Көзімнің жасын мекенім ішіп.
Қош, ақымақтар, таппайсың ертең,
Құбыжық мініп кетемін ұшып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері