Әкеге алғыс (Қыздарын қатты еркелететін әкелерге) – Гүлмекен Қасенбай

Бұл бетте «Әкеге алғыс (Қыздарын қатты еркелететін әкелерге)» атты Гүлмекен Қасенбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әке, сізді, жақсы көрем..
Мен үшін сіз ғажапсыз.
Мен туғалы еркелетіп,
Барын берген жомартсыз!

Не айтсам да орындайтын,
Берекенің көзісіз..
Әлі күнге арқалайтын,
Алып жанның өзісіз!

Ассам-дағы сегіз жастан,
«Бөбегім» деп ойлайсыз.
Әлемдегі ең жақсыны,
Маған ғана сыйлайсыз.

Әке, сізді, жақсы көрем,
Мейірімдісіз нұр жүзді.
Тәтті әкеліп қуандырған,
Ұмытпаспын әр күнді.

Бізге қылған жақсылығың,
Мың есе боп қайтса екен.
Қари болып, Қияметте,
Нұрдан тәжді кигізсем!

Әке сіздің атыңызды,
Танытып кең әлемге.
Қуандырсам шаттандырып,
Болсам елге өнеге.

Тәмпішіңді мақтан тұтып,
Әлі күндей күлерсіз...
Ең бастысы бар болыңыз,
Зор бақыт сол, білсеңіз!

14.01.2023


Пікірлер (3)

Айша

Өте керемет

gumakanapia

Рақмет! Ұнағанына қуаныштымын! 

Айзере

Керемет екен

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар