Ескі сүрлеу – Ерлан Аманқожаұлы

Бұл бетте «Ескі сүрлеу» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 872
Ескі сүрлеу,
Есірік жол кешегі,
Ессіз дәруіш қайтқан мүлде меселі.
Түні бойы пенде сүйгіш перілер,
Неге менің көз алдымнан көшеді.
 
Перілерім – сар сүйегім, бас құдам,
Құрметіңе атап сойып жас құлан,
Бүгін тағы ғашық етіп қызыңды,
Бүгін тағы пейіліме мас қылам.
Тост айтам ерлеріңе дүр есіл,
Пай-пай, шіркін, сұлуларың гүл есім.
Тілегі бал, жүрегі бар көшпендім,
Тура өзімдей ғашық бола білесің.
Бүгін бірге мас жылауға болады,
Сұлуыңмен бас құрауға болады.
Сені қалай риза етсем, япыр-ай,
Сәруәр көңіл сахараның қонағы.
Ескі сүрлеу,
Есірік жол кешегі,
Неге менің көз алдымнан көшеді?
Әттегені...
Алдым қолдан түсіріп,
Боз биенің қанын құйған кесені.
Кешіріңдер, Перілер!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ескі сүрлеу өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Ескі сүрлеу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ескі сүрлеу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ескі сүрлеу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері