Текшесінен түндердің қалай үміт,
Бұл бетте «Текшесінен түндердің қалай үміт,» атты Ержан Қабышұлы Қабанбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Текшесінен түндердің қалай үміт,
Тағысындай түздегі Айға ұлып,
Бал ашқандай жұлдыздың шоғырынан
Елестеген кескінің тұр үңіліп.
Тұрсадағы ызғары иттей үріп,
Сынса дағы құлазып титтей ырық,
Қалмайтұғын сағыныш қаперімнен,
Солмайтұғын мендегі биттей үміт.
Құмарымды қоздырған беу сағыныш,
Қиялиға қара күн бос сабылыс.
Мені ұмыту сен үшін мақсат болса,
Сені күту тағдырдан жалбарыныс.
Көңіліңнің құлыбын жаптың іліп,
Күн мысқылдап сыртымнан атты күліп,
Сүлік-өмір сіміріп семіргендей
Сылқ етті де, күн өтті, қайран үміт.
Ержан Қабышұлы / Bura Naiman
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі