Тіл — апат
Тіл - апат
Адам болып басқаннан соң жер бетін,
Ешкім сірә "періштемін" демесін.
Күнаһармыз барлығымыз, әлсізбіз -
Рахман Өзі кешірмесе пендесін!
Бос жатсын ба, шайтан бізді дос қылып?
Татулыққа шоқ тастайды бықсытып.
Жүректерді суытқан соң у сеуіп,
Жүр туыстар өсек аңдып, кек қуып.
Сыбырлайды, ызыңдайды, күні-түн,
Ұнатпайды таза болса жүрісің...
Бір күмәнді тауып беріп, улайды,
Тілің менен иманыңның тынысын.
Тек кешірім құтқарады күнәдан,
(Күнәсі жоқ бола қоймас тірі адам).
Қателікті тізбектемей үнемі,
Жақсылықты айтайықшы уа - жаран!
30.04.2022
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі