Өмір жайлы – Гульназ Сайлауова

Бұл бетте «Өмір жайлы» атты Гульназ Сайлауова жазған өмір туралы өлең берілген.

Азабы көп өмір деген түлкінің,
Мәні барма бетпердегі күлкінің.
О, Жаратқан бақыттылау сездірші,
Үш жүз алпыс бес күнімнің бір күнін.

Өмірге айтпай, кімге айтамын өкпені,
Көк түнектен жарық күнім шық бері.
Жүрегімді жібітер күн тумаса,
Қара мұздан қашан шығат көктемі.

Сынақтардан бір жеңіп,бір ұтылып,
Өлінің күйін кештім тірі тұрып.
Фәнидің жалғандығын сезгенімше
Барлығы да кетсе екен ұмыт болып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар