Жақсы көрем атамды

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ақ жайлауы атамның өрісі кең,
Жақсы көрем атамды шынымен мен
Аңқылдайды атамыз жүрегі ақ
Бір Аллаға аян ғой бәрі де хақ

Жақсы көрем атамды жақсы көрем
Атам үшін енді мен,өмір сүрем
Қақты,бақты біздерді аялады
Бар тапқанын біздерден аямады.

Теңіздей боп атам менің толқыған
Өмірдеде өмір көріп шалқыған
Тасығанда тасыған ғой дариям
Асылдыңда асылы ғой қариям.

Аман болып арамызда жүре берсең,
Сіз үшін болашақпен күресерем
Құтты болсын тойыңыз сексенбесің
Алла берсе жүзгеде жетер едің.

Аялайық атамызды аялайық
Еңбегімен тәрбиесін бағалайық
Жылуменен сезімді аямайық
Әрбір кезде қасыңнан табылайық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақсы көрем атамды өлеңінің авторы кім?

Абдилов Серик Ашимович — осы өлеңнің авторы.

Жақсы көрем атамды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жақсы көрем атамды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдилов Серик Ашимович өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақсы көрем атамды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері