Тәй тәй тәй немерем – Абдилов Серик Ашимович

Бұл бетте «Тәй тәй тәй немерем» атты Абдилов Серик Ашимович жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ақ періштем аппағым,
Бесікте күлімдеп жатқаның.
Ата деп бірінші айтқаның
Білдіңбе маған жаққанын.

Тәй тәй тәй тәй немерем
Саған ғана гүл берем.
Құтты болсын қадамың
Жұлдыздардай сый берем.

Көктем шығар,
Келер жаз
Атан болса, олда маз
Тәй тәй тәй тәй немерем
Енді саған не берем?

Бақытты бол немерем
Көгерсін сенін көсегең,
Өскеніңді көрейін
Қолдасын сені періштең.

Тәй тәй тәй тәй немерем
Саған тағы гүл берем
Құтты болсын қадамың
Жұлдыздардай сый берем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері